Мемлекет басшысы зардап шеккен жоқ, бөтелке президент жақтастарының біріне тиді, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Колонна басындағы көліктің шатырында тұрып, өз жақтастарына қол былғап, ілтипат білдіріп келе жатқан президентті ол кезде оққағарлар жауып үлгерді. Оқиға демонстрацияны бірнеше минутқа тоқтатты, одан кейін акция қайта жалғасты. Бөтелкені лақтырған қаскөйді «ізі суымай» ұстау мүмкін болмады.