Екі минуттық видеода тікелей эфир жүргізіп отырған Луис Мануэль Мединаның оққа ұшқаны және әйелдердің жан айқайы түсіп қалған.
Мединанамен қатар, 103FM Доминикан радиосының продюсері Лео Мартинес те қаза тапты.
Полицияның мәлімдеуінше, оқиға сейсенбі күні елдің астанасы Санто-Домингоның шығысында орналасқан Сан Педро де Макорис қаласында орын алған.
Ұсталғандарға әзірге айып тағылған жоқ. Сондай-ақ, неліктен БАҚ өкілдеріне шабуыл жасалғаны әзірге белгісіз.