Доминиканда Тайваньнан келген дипломат әйел өлтірілді

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Доминикан Республикасының полиция қызметкерлері елдің астанасы Санто-Домингоның орталығында орналасқан пәтерден Тайваньнан келген 55 жастағы дипломат  Джулия Удың мәйітін тапты, деп хабарлады сейсенбі күні Univision телеарнасы.

Әйел пәтерде жалғыз тұрған. Полицияның берген ақпаратына сәйкес, әйелдің денесінде суық қарумен ұрып-соғудың іздері табылды. Пәтердің есігі жабық болған. Джулия Удың жұмысқа келмегеніне алаңдаған оның әріптестері әйелдің үйіне келген. Олар есіктің табалдырығынан қанды көріп, бірден полицияны шақырған, деп хабарлады Утро. ру.

Тайваньның дипломатиялық өкілдігі Доминикан Республикасының полициясы қажетті тергеу амалдарын жүргізіп, қылмысқа кінәлі адамдарды табатынына сенім білдірді.