Доминикандағы оқиға: Көз жұмғандар саны тағы да көбейді

Фото: Фото: Report

АСТАНА. KAZINFORM – Сейсенбі күні Доминикан Республикасының астанасы Санто-Домингодағы шатыры опырылып түскен Jet Set түнгі клубындағы оқыс оқиғада қаза тапқандар саны 184-ке жетті. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады, деп жазады Report.

Доминикан Республикасының президенті Луис Абинадер 8 сәуірден бастап құрбандарды еске алу үшін үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.

Түнгі клубтағы оқиға 8 сәуір күні таңертең ел астанасы Санто-Домингодағы Jet Set түнгі клубында әнші Руби Перес өнер көрсетіп жатқан кезде болған. Әнші көрермендермен бірге құлаған шатырдың астында қалған. Ол құтқарылған. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты.

Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Апаттың себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Доминикандағы оқиғада көз жұмғандар саны 100-ге жуықтағанын жазған едік.