Ведомство өкілдерінің айтуынша, әуежай жолаушылары қауіпсіз жерге көшіріле бастады.
Басқарма өкілі Би-би-си агенттігіне өрт аумағы 16 шаршы метрді құрап отырғанын хабарлады. Оның айтуынша, ғимараттың жертөлесіндегі мыс кабельдері өртеніп жатыр.
Өрттің шығу себептері әзірге хабарланбай отыр. Оны сөндіруге 61 адам мен 17 техника бірлігі қатысуда.