«Дон Кихот» балеті - «Астана Опера» сахнасында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғашқы рет «Астана Опера» театрының сахнасында La Scala өнер көрсетеді. Аты аңызға айналған театр 30 маусым мен 4 шілде аралығында «Дон Кихот» балетін ұсынады.

Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлады.

Рудольф Нуриевтің белгілі хореографиясындағы Ла Скала репертуарының 1980 жылғы қойылымы ұлы классикалық балеттер пантеонында өзінің лайықты орнын иеленді.

Балетке миландық театрдың шығармашылық ұжымынан 100 астам адам қатысады. Аталған қойылым қос театр арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Екі жылдан астам уақыт бұрын бастау алған әріптестік қарым-қатынас алғашқы нәтижесін бере бастады, осылайшаа «Астана Опера» театрында La Scala түпнұсқадағы спектаклі - Лука Ронконидің қойылымындағы «Тоска» операсы ұсынылды. Күзде La Scala-ның кезекті спектаклі - «Аида» операсының тұсауы кесіледі, режиссері Франко Дзефирелли. Сонымен қатар La Scala театрының Академиясымен білім алу саласындағы серіктестік жөніндегі жоба жүзеге асырылып жатыр.

Театрдың бас балетмейстері Махар Вазиев жетекшілік ететін миландық балеттік труппа, атақты классикалық балеттің ең қиын нұсқаларының бірі саналатын Рудольф Нуриевтің ерекше қойылымындағы көздің жауын алатын техниканы және құштарлықты паш етеді.

«Дон Кихот» балеттік спектаклінің тарихы 18 ғасырдың екінші жартысынан басталады. La Scala сахнасында 1980 жылы қойылған Нуриев нұсқасы жоғары өнер сүйер қауым үшін ең сүйіктілердің бірі болып табылады. Әртістерге көркемдікті толыққанды жеткізу үшін орындау барысында еркіндік беретін бұл академиялық балет шынымен-ақ құлшыныспен орындаудың жарқын нұсқасы.

Нуриев өз қойылымында басты еркектің партиясын өзінің талабына сай жетілдіріп, балеттің сахналық қойылымын күрделі етті. 1987 жылы La Scala театрының бұл спектаклі Рафаэль дель Савионың жаңа декорациясымен және Анна Аннидің костюмдерімен жаңартылып, күні бүгінге дейін балеттік труппаны жарқыратып, әсерлі етіп келеді.

Қазақстандық көрермен назарына ұсынылатын Ла Скаланың атақты құрамы: жетекші солист Николетта Манни (Китри / Дульсинея) және жас, талантты солист Карло Ди Ланно (Базиль), екінші құрамда Вирно Топпи мен Антонино Сутера, Люсимея Ди Стефано мен Клаудио Ковьелло. Басты партиямен қатар La Scala балеттік труппасының Джузеппе Конте (Дон Кихот), Джанлука Скьявони (Санчо Панса), Рикардо Массими және Марко Мессина (бай ақсүйек Гамаш), Мэтью Эндикотт (Лоренцо), Алессандра Вассало (көше бишісі), Мик Зени, Марко Агустино және Массимо Гарон (Эспада), Вирна Топпи (Дриадалар Королевасы), екінші құрам - Николетта Манни, Серена Сарнатаро (Амур) және Даниелла Каваллери (екінші құрам), Фредерико Фреси (сыған), қалыңдықтың құрбылары - Вирна Топпи және Люсимей Ди Стефано. Китридің құрбылары - Люсимей Ди Стефано, Денниз Гаццо және Виттория Валерио сияқты көптеген әртістері өнер көрсетеді.

Музыкалық бөлігі La Scala театрының дирижеры Марселло Спакаротелла басшылық ететін «Астана Операның» симфониялық оркестріне сеніп тапсырылды.

La Scala театрының «Астана Операдағы» гастролінің бас демеушісі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.