Дональд Трамп 200 мың доллар кепілмен босатылды
Трамп пен тағы 18 айыпталушы жұма күні түске дейін Атланта штатының астанасына Фултон округінің сотына келуі тиіс.
Трамп осы іс бойынша өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.
Кепіл туралы шешімде Дональд Трамптың куәгерлерге сес көрсетпей, сотқа дейін бостандықта қалуына рұқсат етілген.
«Айыпталушы өзіне белгілі және осы іс бойынша жауапкерлер немесе куәгерлер саналатын адамдарға қатысты қорқытпауға немесе сот төрелігін іске асыруға өзге де тәсілмен кедергі келтірмеуге тиіс. Жоғарыда аталғандарға әлеуметтік желілердегі жазбалар немесе басқа адамдардың әлеуметтік желілердегі жазбаларын репост жасау да кіреді», - делінген дүйсенбі жарияланған шешімде.
Дональд Трамп дүйсенбіде өзінің Truth әлеуметтік желісінде республикашыл Брайан Кемпті қолдаған Джорджия губернаторына қатысты реплика жіберген.
Іс материалдарына сәйкес, 2020 жылдың желтоқсанында, сайлаудан кейін Трамп Кемпке (және штаттың басқа жоғары шенеуніктеріне) қоңырау шалып, сайлау нәтижесін өз пайдасына қайта қарауды талап еткен, бірақ олар бас тартқан.
Соттың кепіл туралы шешіміне сәйкес, Трамп осы іс бойынша басқа айыпталушылармен тек адвокаттың қатысуымен байланыса алады.
«Ойлап көріңізші! Бейсенбіде мен солшыл радикал округ прокуроры Фани Уиллис мені қамауға алуы үшін Джорджия штатының Атланта қаласына барамын», - деп жазды Трамп әлеуметтік желісінде.
Джорджиядағы істен бөлек, Дональд Трампқа қарсы тағы үш іс қозғалды.
Ол АҚШ қазіргі және бұрынғы президенттері арасында қылмыстық іс бойынша айыпталған тұңғыш адам.
77 жастағы Трамп келесі жылы өтетін президент сайлауына қатыспақшы және Республикалық партиядан үміткерлер арасында көш бастап келеді.
Президенттікке кандидаттың партияішілік сайлауы, праймериз қаңтарда басталады.
Еске салайық, Ақ үйдің бұрынғы басшысы Дональд Трампқа жалпы 38 бөлік бойынша айып тағылды, оның ішінде мемлекеттік маңызы бар құпия құжаттарды заңсыз сақтағаны, ересектерге арналған фильмдер актрисасы Сторми Дэниэлске ешкімге ештеңе айтпауы үшін ақша төлегені, сонымен қатар несие алу үшін жекеменшік бағасын көтеріп көрсеткеніне қатысты алаяқтық ісі бар.
Президент сайлауының нәтижесін жоюға тырысу ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр.