«Жаңа ғана Америка әскерилері Әбу Бакр әл-Бағдадидің нөмір бірінші орынбасарының көзі жойылғанын растады. Ол жақында көсемінің орнын басар еді. Енді, ол да өлді!» - деп жазды Дональд Трамп. Алайда ДАИШ көсемінің ізбасарының аты-жөні айтылмаған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Дональд Трамп Сирияда арнайы операция барысында ДАИШ лаңкестік ұйымының көсемі Әбу Бакр әл-Бағдадидің көзі жойылғанын хабарлаған болатын.