Дональд Трамп бір жылда 800 миллион долларын жоғалтты
08:15, 29 Қыркүйек 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарапшылардың бағалауынша, Нью-Йорктегі жылжымайтын мүлік нарығындағы дефолт салдарынан миллиардер 11 айда 800 миллион долларын жоғалтты.
АҚШ президенттігіне үміткер, миллиардер Дональд Трамп үшін сайлауалды жыл шығынды болды. Forbes өткен 11 айда бизнесмен 800 миллион долларын жоғалтқанын есептеді. Енді Трамптың дәулеті 3,7 миллиардқа бағалануда.
Фото: © REUTERS/Carlo Allegri