Дональд Трамп: «Головкин - ұлы боксшы. Мен оның Мейвезерге қарсы жекпе-жегін көргім келеді»
10:43, 20 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президентіне үміткер Дональд Трамп «Мэдисон Сквер Гарденде» қазақстандық боксшының мерзімге дейін жеңісімен аяқталған Головкин мен Лемьенің жекпе-жегі туралы айтып берді, деп хабарланады GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі тобының парақшасынан.
«Бұл тамаша жұдырықтасу болды. Головкин - ұлы боксшы. Мен оның Мейвезерге қарсы жекпе-жегін көргім келеді!» - деп хабарлады Трамп.