Дональд Трамп Индианадағы праймеризде көш бастап келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық Дональд Трамп Индианадағы праймеризде сайлаушылардың шамамен 53 пайыз дауысын жиды. Дауыстарды санаудың аралық нәтижесі осыған дәлел.

CNN мәліметтеріне сәйкес, Трамп үшін сайлаушылардың 53 пайызы дауыс берген. Жеңіс үшін оған сайлаушылардың 57 дауысы керек, ал президенттікке ұсыну үшін 1237 делегаттың қолдауы қажет.