«Мұнайшылар біздің мұнай, Қашағанның іске қосылғаны жайлы айтқан болу керек. «Қазақстанда ғажап оқиға жасадыңыздар» деген баға берді Трамп. Ол солай деді. Демек, біздің еңбегіміз жанады. Қашағанды игеру - тарихтағы зор табыс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
18:05, 07 Желтоқсан 2016
Дональд Трамп Қашағанды игеруді ғажап оқиғаға балады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Қашаған кен орнының таныстырылымы барысында АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамппен сөйлескені жайлы айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.