Дональд Трамп өзіне тағылған айыпты мойындамады
01:46, 05 Сәуір 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың бұрынғы президенті Лональд Трамп өзінің кінәсін мойындамады. Манхэттен аймақтық прокурорының кеңсесінде оған 34 бөлім бойынша айып тағылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
Дональд Трамп айып тағылғандарға міндетті процедуралардың барлығынан өтті, қойылған сауалдарға да жауап берді.
Сот залында суретке немесе видеоға түсіруге болмайтын еді. Сол себепті ғимараттың ішінен түсірілген түсірілімдер жоқ.
Осыған дейін АҚШ-тың бұрынғы президентінің қамауға алынғанын жазған болатынбыз.