Басылымның жазуынша, Шон Спайсер АҚШ басшысы Дональд Трамппен кадрлық мәселелер бойынша келіспеушіліктен кейін қызметінен кетуді шешкен.
Ол қаржыгер Энтони Скарамуччидің Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры болып тағайындалуына қарсы болған. Трамп Спайсерге баспасөз хатшысы қызметінде қалуды ұсынған, бірақ ол одан бас тартып, Скарамуччидің тағайындалуын «үлкен қателік» деп атады.
Шон Спайсер Америка президентінің баспасөз хатшысы қызметіне 2017 жылдың 20 қаңтарында тағайындалған болатын.