Дональд Трамп АҚШ-тың энергетикалық үстемдік кеңесін құрды

Фото: Фото: oxu.az

АСТАНА. KAZINFORM - АҚШ президенті Дональд Трамп энергетикалық үстемдік жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы жарлыққа қол қойды, деп жазады ТАСС.

Ақ үй баспасөз қызметінің хабарлауынша, Трамп энергетикалық үстемдік жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы жарлыққа қол қойды. 

— Бізде басқа елдерге қарағанда энергия ресурсы көбірек және біз қазір оларды босатып жатырмыз, - делінген құжатта.

Кеңесті ішкі істер министрі Даг Бергам басқарады. Оның орынбасары болып энергетика министрі Крис Райт тағайындалады. 

— Бұл мүмкіндікті ашуымыз керек. Біз оны Америка шығанағынан Аляскаға дейін ашуымыз қажет, - делінген АҚШ Ішкі істер министрі Дуглас Бергамның баспасөз қызметі хабарламасында.

Financial Post басылымының хабарлауынша, кеңес АҚШ-тың энергетикалық саясатын жүргізуге жауапты болады. Атап айтқанда, оның міндеттеріне федералды үкіметтің энергетикалық саясатын белгілеу және рұқсат беру, сондай-ақ мұнай, газ, электр энергиясын және басқа ресурстарды өндіру мен бөлуге күш жұмылдыруға көмектесу кіреді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мексика шығанағының аты «Америка шығанағы» деп өзгергені туралы хабарлаған болатынбыз.