Ақ үй баспасөз қызметінің хабарлауынша, Трамп энергетикалық үстемдік жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы жарлыққа қол қойды.
— Бізде басқа елдерге қарағанда энергия ресурсы көбірек және біз қазір оларды босатып жатырмыз, - делінген құжатта.
Кеңесті ішкі істер министрі Даг Бергам басқарады. Оның орынбасары болып энергетика министрі Крис Райт тағайындалады.
— Бұл мүмкіндікті ашуымыз керек. Біз оны Америка шығанағынан Аляскаға дейін ашуымыз қажет, - делінген АҚШ Ішкі істер министрі Дуглас Бергамның баспасөз қызметі хабарламасында.
Financial Post басылымының хабарлауынша, кеңес АҚШ-тың энергетикалық саясатын жүргізуге жауапты болады. Атап айтқанда, оның міндеттеріне федералды үкіметтің энергетикалық саясатын белгілеу және рұқсат беру, сондай-ақ мұнай, газ, электр энергиясын және басқа ресурстарды өндіру мен бөлуге күш жұмылдыруға көмектесу кіреді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мексика шығанағының аты «Америка шығанағы» деп өзгергені туралы хабарлаған болатынбыз.