— Мен Оклахома штатының беделді сенаторы Маркуэйн Маллиннің 2026 жылдың 31 наурызынан бастап Америка Құрама Штаттарының Ішкі қауіпсіздік министрі (DHS) болатынын қуана хабарлаймын, — деді Дональд Трамп мәлімдемесінде.
Маркуэйн Маллин Кристи Ноэмнің орнына келеді.
Трамп сөзінше, Кристи Батыс жарты шардағы АҚШ-тың жаңа қауіпсіздік бастамасы «Америка қалқаны» бойынша арнайы елші болып тағайындалады.
Айта кетейік, былтыр жыл соңына қарай Трамп Гренландия бойынша АҚШ-тың арнайы елшісі етіп республикашыл губернатор Джеф Лэндриді тағайындады.