Дональд Трамп Израильге баруы мүмкін

Скриншот из видео

АСТАНА. KAZINFORM — Израиль келесі аптаның басында АҚШ президенті Дональд Трамптың сапарына дайындалып жатыр, деп хабарлайды Report.

— Трамптың өзі Таяу Шығысқа 11 немесе 12 қазан күні баруы мүмкін екенін мәлімдеді. Бірақ қай елге баратынын нақтыламады, — делінген ақпаратта.

Axios тілшісі Барак Равидтің пікірінше, Ақ үйдің иесі Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың шақыруымен еврей мемлекетінің парламенті — Кнессетте сөз сөйлеуге ниетті.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министріне өзінің Газа секторындағы соғысты тоқтату жоспарына келіскені үшін алғыс білдірген еді