АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды. Оны бұл марапатқа АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Клодия Тенни (Нью-Йорктен келген республикашыл) ұсынды, деп хабарлайды Fox news сайты.
Трампқа сыйлықты «Авраам келісімдеріне» - Израиль мен БАӘ және Бахрейн арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру жөніндегі құжатқа қол қоюға көмектескені үшін беру ұсынылды.
Трамп бұған дейін жоғарыда аталған марапатқа үш рет ұсынылды, оның ішінде Авраам келісімдеріне қол жеткізуге қосқан үлесі үшін.
Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы қазан айында жарияланады.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.