Дональд Трамп Нью-Йорктің жаңа мэрімен кездесті
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йорк қаласының мэрі Зохран Мамданимен кездесті, деп хабарлайды РИА Новости.
Дональд Трамп Нью-Йорктің мэрімен кездесуінде журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Трамп Мамданиге Нью-Йоркті қауіпсіз ету үшін бірге жұмыс істейтініне уәде берді.
— Біз мұны біршама талқыладық. Мамдани қауіпсіз Нью-Йоркті қалайды. Қауіпсіз Нью-Йорк — керемет Нью-Йорк. Кез келген тақырыпта сөйлесуге болады. Бірақ қауіпсіз көшелер болмаса, табыс болмайды. Біз бірге жұмыс істейміз, — деді Трамп.
Ақ үй басшысының айтуынша, Мамдани екеуінің заңсыз мигранттар туралы ойы бір. Ол жаңа мэрге федералды көмек көрсетемін деп уәде етті.
— Оған табысқа жету үшін шынымен көмек керек және біз көмектесеміз, — деді Трамп.
Журналистер тек кездесуге қатысты сұрақтар қоймады. Американың 28 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарына қатысты бірнеше сауалдар жолданды. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы жағдай да талқыланды. Трамп палестиналық ХАМАС қозғалысын толық қарусыздандыруға ұмтылатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Трамп Украина бойынша жоспарға қол қою үшін «қолайлы мерзімді» атады.