Бұл қашан болғаны белгісіз. Оның үстіне, екі президент қанша рет телефонмен сөйлесті деген сұраққа Трамп: «Мұны айтпағаным жөн» деп жауап берді.
Трамптың айтуынша, Владимир Путин «адамдардың (соғыс даласында) өлуін тоқтатқанын» қалайды. Сондай-ақ АҚШ президенті соғысты қалай аяқтау туралы нақты жоспары бар екенін жеткізді.
АҚШ вице-президенті Дж.Д.Вэнс келесі аптада Мюнхенде өтетін қауіпсіздік конференциясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі.
Сондай-ақ АҚШ президенті Зеленскиймен қауіпсіздік кепілдігінің орнына сирек металдар мен украин газына қол жеткізу үшін 500 миллион долларлық келісім жасағысы келетінін айтты.
Еске салайық, Трамп Маскқа Пентагонның шығындарын тексеруді бұйырды.