Дональд Трамп Шавкат Рахмоновтың қатысуымен өтетін UFC 296 турниріне барды

Фото: Dailymail

Американың мемлекет және саяси қайраткері Дональд Трамп Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтіп жатқан UFC 296 турниріне барды. Бұл туралы Kazinform Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы минуттарда турнирдің негізгі карды басталды. Онда жартылай орта салмақтағы қазақстандық Шавкат Рахмонов (17-0) америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) жұдырықтасады. Жекпе-жек үш раундқа созылады.

UFC 296-ның басты оқиғасы британдық Леон Эдвардс (21-3) пен америкалық Колби Ковингтон (17-3) арасындағы жекпе-жек болмақ. Эдвардс жартылай орта салмақтағы чемпиондық атағын қорғайды.