Дональд Трамп: Зеленский бітім жасағысы келетінін айтты

Фото: Фото: Ukrainian Presidency/ abaca/ picture alliance

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлескен Владимир Зеленский бітімге келуді қалайтынын айтқан. Бұл туралы Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

– Жаңа ғана Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлестім. Әңгіме өте жақсы өтті. Ол (Ресей президенті Владимир) Путин сияқты татуласқысы келеді. Біз соғысқа қатысты көп нәрсені талқыладық, негізінен жұма күні Мюнхенде өтетін кездесу сөз болды. Онда вице-президент Дж.Д.Вэнс пен Мемлекеттік хатшы Марко Рубио делегацияны (АҚШ-тың Мюнхен қауіпсіздік конференциясында) басқарады. Бұл кездесудің нәтижесі оң болады деп сенемін. Жаппай және мүлдем қажетсіз өлім мен қирауға әкеліп соқтыратын бұл мағынасыз соғысты тоқтататын уақыт келді.

Ресей мен Украина халқын Құдай қолдасын, - деп жазды Дональд Трамп.

Бұған дейін Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескені хабарланған болатын.