Донецк қаласында жер астынан 10 метрлік субұрқақ атылды
20:06, 01 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Донецк қаласында екі ірі жол-көлік апаты болды. Соның салдарынан құбырдан 10 метр ұзындықта субұрқақ атылды.
Бұл апат 200 мың адамды сусыз қалдыратын еді, алайда жөндеушілердің тез арада бірлесе жұмыс істеуінің арқасында оқиғаның алды алынды. 1 желтоқсаннан бастап сумен жабдықтау қалпына келтірілді.