«Доңыз тұмауы» доңыздарға жетті

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат - Әлем бойынша бірнеше мың адам жұқтырған «доңыз тұмауы» доңыздарға да жетті.

 АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы  министрлігінің  хабарлауынша,   Миннесота  штатында      доңыздың   аталмыш  ауруды   жұқтыруының     алғашқы оқиғасы   тіркеліп  отыр.

 CNN   телекомпаниясының  хабарлауынша,  вирусты жұқтырған   доңыз     тамыздың 26-сы мен   қыркүйектің 1-і аралығында   Сент-Пол қаласында  өткен  ауыл шаруашылығы  көрмесінде  анықталған.        Доңыздың вирусты   қалай  жұқтырғаны   әзірге  белгісіз.    «Аурудың    доңызға адамдардан жұғу ықтималдығы  жоққа шығарылмайды»,  дейді  министрлік өкілі  Том  Вилсэк.  

 Ал көрмеге келушілердің  қайсысы «доңыз тұмауымен» ауырғанын анықтау да мүмкін емес.   Биыл  аталмыш  шараға  1  миллион 790 мың  адам келген.  

 Дегенмен,   АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрлігі   бұл  аурудың  доңыздар  үшін қауіпті емес  екенін  айтып  отыр.  «Доңыз  етінің    жеткізілімін тыйым  салуға  негіз жоқ.  Ет жеп,   вирус жұқтыру   алу мүмкін емес»,  деп түсіндіреді  Т.Вилсэк.   Дегенмен,    доңыздар  үшін  «доңыз тұмауынан» вакцина    әлі  ойлап табылмағанын  айта кеткен жөн.