Доңыз тұмауы: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл отырыс өткізеді

ЖЕНЕВА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары Женевада шұғыл отырысқа жиналуда, онда доңыз тұмауы пандемиясын жариялау мәселелері шешілмек,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Сиге сілтеме жасап.Шұғыл кездесудің шақырылу себебі Австралияда доңыз тұмауын жұқтыру оқиғасының көбеюінен болып отыр, бір аптада мұнда оның саны 4 есе артып, 1 200 адамға жеткен. Пандемияны жариялау H1N1 вирусы қатерлірек болғанын білдірмейді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемнің барлық медицина ұйымдарына дабылы болып табылады. Пандемия жариялануына әлемнің екі аймағында вирустың адамнан адамға жұғуының ауқымды сипаты негіз болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талдаушылары мұндай қадам ауру таралуы ахуалын өзгерте алмайды деп санайды. Дегенмен, вакцина өндірісін тездетуге және кейбір елдер үкіметтерін саяхатқа қатысты шектеулер енгізуге итермелеуге түрткі болмақ.Доңыз тұмауын жұқтырғандар 74 елде тіркелген, оның кісі өліміне соқтыруының 141 оқиғасы мәлім болып отыр.