Доңыз тұмауымен ауырған оныншы ресейлік анықталды

МӘСКЕУ. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат - Доңыз тұмауымен ауырған оныншы ресейлік анықталды: Мәскеу облысындағы Серпухов ауданының 23 жасар тұрғынының A/H1N1 тұмауына ұшырағаны рас болып шықты, науқастанған қыз Пущино қаласының ауруханасына жатқызылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

«Испаниядан демалыстан оралған және шілденің 16-сында жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған 23 жасар қыздың сынамлары A/H1N1 вирусының бар екенін көрсетті», - деді агенттіктің сұхбаттасушысы. Оның айтуынша ауру қыздың тараған, беті бері қарап келеді.

Оныншы ауырған адам туралы ресми ақпарат әлі расталған жоқ. Ресми деректер бойынша әзірге Ресейде A/H1N1 тұмауымен ауырған 9 жағдай расталған.