«Доңыз тұмауына» 200 мың адам ұшырады

АСТАНА.  Тамыздың   7-сі. ҚазАқпарат -    Дүниежүзі  бойынша Н1N1 тұмау вирусымен  ауырғандардың саны 200 мыңға жетті.  Бұл туралы  «Роспотребнадзор» агенттігі   Дүниежүзілік  денсаулық сақтау   ұйымына  сілтеме   жасап хабарлады.  Ресейдің бас  санитардық дәрігері    Геннадий Онищенконың айтуынша,    Ресейде      «доңыз тұмауын»   жұқтырудың  55 оқиғасы ресми    қуатталып  отыр,  деп   хабарлайды РСН  агенттігі.

Ресей  әуежайларында     шетелдерден  келіп  жатқан     жолаушылар мониторингі  жалғасуда.    Әсіресе,  Америка,  Испания,  Жапония және   Ұлыбританиядан   келген адамдар  айрықша бақылауға алынды.