деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.
Екі биотехнологиялық компания елдің оңтүстігіндегі Аделаида қаласында ересек еріктілерге жаңа вакцина егуді бастады.
Ал АҚШ-та ағымдағы жылдың қазан айына дейін А (H1N1) тұмауына қарсы вакцинаның 160 миллионға жуық дозасы өндіріледі. Бұл көлемнің АҚШ-тың барша халқын вакцинамен қамтамасыз етуге жетпейтіндігі айтылуда, бірақ өнеркәсіптің аталған мерзімге одан көп вакцина өндіре алмайды. Дәрігерлердің айтуынша, бір адамға екі вакцина дозасы қажет, деп хабарлайды Associated Press.
АҚШ-тың аумағында А (H1N1) тұмауын жұқтырғандардың саны 40 617-ге жетіп отыр. Олардың ішінде, 263 адам көз жұмған.
Ал әлем бойынша «доңыз тұмауын» жұқтырудың 129,7 мың оқиғасы расталған. Оның 743 оқиғасы кісі өлімімен аяқталып отыр.