«Доңыз тұмауының» салдарынан Анкарада барлық мектеп жабылды

АСТАНА.  Қазанның  26-сы.  ҚазАқпарат -  A/H1N1  тұмауының  шығуына байланысты     Анкарадағы барлық мектептер    бір аптаға    карантинге  жабылды.

Түркия елордасының барлық  мектептерін бірапталық карантинге жабу  туралы  жарлыққа Анкара    губернаторы   қол  қойды. Бұл шешім    Түркияда  «доңыз тұмауының»  таралуымен  күресу  жөніндегі іс-шаралардың аясында  қабылданды,     деп   жазады   ресейлік "Аргументы и факты"  басылымы. 

Сенбі күнгі жағдай бойынша, Түркияда   A/H1N1  тұмауын   жұқтырудың 958    оқиғасы  тіркелді.     Қауіпті вирусты  жұқтырудың  алғашқы  құрбаны  туралы  хабар Түркияда кеше ғана жария болғанын  айта кету керек.