Устюгов тыйым салынған затты (оксандролон) пайдаланғаны үшін айыпталып отыр. 2013 жылғы 27 тамыздағы спортшының нәтижесі, барлық медальдары мен ұпайы және сыйлықтары дисквалификацияланды.
Күші жойылған нәтижелерінің қатарында Устюговтың 2014 жылғы Олимпиада ойындарында эстафетадан алған алтын медалі де бар.
Сондай-ақ сенбі күні Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) Устюгов пен Олимпиада чемпионы Светлана Слепцованың екіжылға жарыстан шеттетілгенін растады.
Устюгов 2010 жылғы Олимпиада ойындарының масс-старт бойынша чемпионы.