Допинг қолданған американдық спринтер Тайсон Гэй олимпиада медалінен айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондағы Олимпиаданың 100 метрлік қашықтықтағы төртінші эстафетасының күміс жүлдегері (АҚШ) Тайсон Гэй допинг қолданғаны үшін соңғы екі жылда жеңіп алған медальдарын қайтарады, деп хабарлады «Спорт-Экспресс».

Оң сынама Гэйден 2013 жылдың маусым айында АҚШ-тағы чемпионатта алынған болатын. Спортшының өзі допинг жайлы белгілі болғаннан кейін американдық допингке қарсы USADA агенттігінің өкілдерімен бірлесіп, тексеру жұмыстарына көмектескен де еді. Бірақ оған қарамастан, спортшы Лондон Олимпиадасында жеңіп алған күміс жүлдесінен айырылды.