Допинг қолданған Еуропа чемпионы тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 5000 метрге жүгіруден Еуропа чемпионы болған испаниялық жеңіл атлет Илиас Фифа сәрсенбі күні допинг пайдаланды деген күдікпен тұтқындалды.

Каталония полициясы допингке қарсы күрес шарасы барысында жеңіл атлеттің үйінен келіп жатқан сигналды аңғарады. 28 жастағы спортшы Санта-Коломадағы үйінде тұтқындалды. Бұдан басқа допингке қарсы операция барысында тыйым салынған заттар мен медикаменттер табылған тағы 15 адам ұсталды, деп хабарлайды испаниялық As басылымы. 

Еске сала кетсек, Илиас Фифа 2016 жылғы Олимпиада ойындарына да қатысқан болатын.