Солтүстік Осетияда туған Тигиев Лондон олимпиадасына 74 келі салмақ дәрежесінде қатысқан. Ол 2008 жылғы Пекин олимпиадасында бір күміс, бір қола медаль алған.
Тигиев - ядро лақтырушы Надежда Остапчуктен (Беларусь) соң Лондон олимпиадасы медалінен айырылған екінші спортшы. Сослан Тигиевтің қола медалі енді төртінші орын алған Габор Натосқа (Венгрия) беріледі, деп хабарлайды «Азаттық».
08:53, 08 Қараша 2012
Допингке байланысты өзбек балуаны олимпиада медалінен айырылды
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Лондон олимпиадасына қатысып, еркін күрестен қола медаль алған Өзбекстан балуаны Сослан Тигиев (29 жаста) допингке байланысты жүлдесінен айырылды.