ОРАЛ. KAZINFORM - Ресейдің Кемерово қаласында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың финалдық турнирі өтіп жатыр.
Оралдың «Ақжайығы» А тобындағы соңғы кездесуін «Кузбасс-2» (Кемерово) командасымен өткізді.
Ойын айдын иелерінің басымдылығымен өтті - 6:1.
«Ақжайықтан» жалғыз голды команда капитаны Максим Өтебалиев соқты.
Осылайша, өз тобында «Кузбасс-2» командасы 15 ұпаймен көш бастаса, оралдықтар бесінші орынды қанағат тұтты.
«Ақжайық» енді 30 наурызда 9-орын үшін «Зорький» командасымен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын финалдық турнирде «Ақжайықтың» алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).