ОРАЛ. KAZINFORM — Кемерово қаласында допты хоккейден Ресейдің жоғары лига командалары арасында өтіп жатқан финалдық турнирде Оралдың «Ақжайығы» А тобында кезекті кездесуін өткізді.
Николай Шавалдиннің шәкірттері бұл жолы «Строитель» (Сыктывкар) командасымен шеберлік байқасты.
Бірінші таймда «Ақжайықтан» Максим Пахомов есеп ашса, «Строительден» Никита Ситников таразы басын теңестірді. Содан кейін Павел Чебаков оралдықтарды алға шығарды – 2:1.
Екінші таймда команда капитаны Максим Өтебалиев екі, М.Пахомов бір гол соғып, есепті 5:1-ге жеткізді. Бұған Леонид Афанасьев жауап қайырса, оралдық Денис Максименко мергендік танытты. Сосын Н.Ситников 12 метрлік айып добын дәл орындады. Қорытынды есеп – 6:3, «Ақжайықтың» пайдасында.
Осы ойыннан кейін 4 ұпай жинаған оралдықтар өз тобында төртінші орынға көтерілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» тартысты матчта мәскеулік командаға есе жібергенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).