ОРАЛ. KAZINFORM — Ресейдің Кемерово қаласында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың финалдық турнирінде Оралдың «Ақжайығы» екінші кездесуін өткізді.
Бұл жолы Николай Шавалдиннің шәкірттері «Сибсельмаш-2» (Новосібір) командасымен айдынға шығып, кім мықтыны анықтады.
Бұл матчта новосібірлік бенди шеберлерінің басымдылығы айқын байқалды. Олар бірінші таймда-ақ 7:0 есебімен алға кетті. Қорытынды есеп — 13:2.
«Ақжайықтан» Нұрбол Бөкешов пен Максим Пахомов гол соғып, көзге түсті.
Оралдық клуб енді 27 наурызда «Строитель» (Сыктывкар) командасымен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» финалдық кезеңді тең ойынмен бастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).