ОРАЛ. KAZINFORM - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» Краснотурьинскіде жергілікті «Маякпен» өткізді.
Кеше оралдықтар тартысты матчта 4:3 есебімен ұтқан еді.
Бұл жолы айдын иелері 10:4 есебімен жеңіске жетті.
«Ақжайық» сапынан команда капитаны Максим Өтебалиев 1, ресейлік шабуылшы Максим Пахомов 3 голдың авторы атанды.
Николай Шавалдиннің шәкірттері сырт айдында төрт ойын өткізсе, соның үшеуінде қарсыластарын тізе бүктірді.
«Ақжайық» енді Оралға оралып, 20-21 желтоқсанда «Никельчик» (Верхний Уфалей) клубын қабылдайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын допты хоккейден «Ақжайықтың» көш басындағы команданы ұтқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).