Допты хоккейден «Ақжайық» жаңа маусымды ірі жеңіспен бастады

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымды ірі жеңіспен бастады, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: "Ақжайық" спорт клубы

Батысқазақстандық бенди шеберлері Оралдағы «Жастар» стадионында «Ак Барс-Динамо-2» командасын қабылдап, 7:1 есебімен ойсырата ұтты.

Фото: "Ақжайық" спорт клубы

Айдын иелерінен ресейлік легионер Артем Лапшин хет-трик авторы атанса, команда капитаны Максим Өтебалиев қарсыластың қақпасына қос доп енгізді. Тағы бір ресейлік Максим Пахомов және Қуаныш Маймақов бір-бір голдан соқты.

Қазандық клубтан Кирилл Лисин ғана көзге түсті.

Қос команда 21 желтоқсан күні екінші кездесуін өткізеді.

Фото: "Ақжайық" спорт клубы

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайық» допты хоккей клубының болашағы қалай болмақ екендігін жазған едік.