Допты хоккей: «Ақжайық» алғашқы ойынын тең нәтижемен аяқтады

None
ОРАЛ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Допты хоккейден Ресей чемпионатының жоғары лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» 1 желтоқсан күні Верхний Уфалей қаласында «Никельщик» командасымен биылғы маусымдағы алғашқы ойынын өткізді.

Тартысты өткен ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Бүгін командалардың екінші кездесуі өтеді. Жоғары лиганың екінші тобында тоғыз команда бар. Атап айтқанда, «Динамо-Маяк» (Краснотурьинск), «СКА-Свердловск» (Екатеринбург), «Никельщик» (Верхний Уфалей), «Знамя-Удмуртия» (Воткинск), «Динамо-Қазан-2» (Қазан), «Локомотив» (Орынбор), «Ақжайық» (Орал), «Динамо» (Самара облысы), «Универсал» (Саратов) клубтары финалдық ойындарға берілетін үш жолдаманы сарапқа салады. Бұдан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Ионкин бастаған мамандар баптайтын «Ақжайық» командасы да үміткер.