ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» Краснотурьинскіде «Динамо-Маяк» командасымен 3 желтоқсан күні қарымта кездесуін өткізді.
Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бұл матч та тартысты өтіп, 4:4 есебімен тең аяқталды. Оралдықтардан Сергей Башаев, Максим Өтебалиев, Сұлтан Қадыржанов, Арыстан Қазыбаевтар мергендік танытты.
«Ақжайық» өз тобында 4 ұпаймен әзірге бесінші орында келеді, бірақ командалардың ойын саны бірдей емес.
Оралдық бапкер Дмитрий Иванниковтің шәкірттері алдағы кездесулерін өз айдынында 16-17 желтоқсанда, яғни мереке күндері Воткинскінің «Знамя-Удмуртия» командасымен өткізеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).