ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасындағы бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» Воткинскіде «Знамя-Удмуртия» командасымен екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жолы айдын иелері ірі есеппен жеңіске жетті.
Бірінші таймда воткинскілік клуб 4:0 есебімен алға кетсе, екінші кезең қорытындысында 7:1-ге жеткізді.
Оралдықтардан жалғыз голды Петр Грибанов соқты.
«Ақжайық» екінші топта бұрынғыша 28 ұпаймен үшінші орында келеді.
Николай Шавалдиннің шәкірттері қалған он матчтың сегізін өз айдынында өткізеді. Демек, ұпай қорын толықтыруға толық мүмкіндік бар.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» сырт айдында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).