Допты хоккей: «Ақжайық» «Локомотивтен» тағы да ірі есеппен жеңіліп қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 9 ақпан күні допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайығы» Орынбордың «Локомотивімен» екінші ойынын өткізді.

Айдын иелері (Павел Чебаков) бірінші болып есеп ашқанымен, оны әрі қарай жалғастыра алмады. Кездесу 8:3 есебімен «Локомотивтің» пайдасына шешілді. Оралдықтардан команда капитаны Ескендір Нұғманов пен Максим Өтебалиев бір-бірден доп соғып, көзге түсті. «Ақжайық» келесі ойындарын өз айдынында 15-16 ақпанда екінші топтағы көш бастаушылардың бірі Екатеринбургтің «СКА-Свердловск» командасымен өткізеді.