ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» «Никельщик» (Верхний Уфалей) командасын қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
«Стеновик» стадионында өткен ойынның 1-минутында-ақ Андрей Гущин есеп ашты. Содан кейін команда капитаны Максим Өтебалиев пен Петр Грибанов матч барысында екі реттен мергендігімен көзге түсті. Сондай-ақ Павел Чебаков, ресейлік легионерлер Сергей Пантеев пен Александр Чкалов бір-бірден гол соқты.
Осылайша, ресейлік маман Владимир Кожевниковтің шәкірттері 8:3 есебімен жеңіске жетті. Ертең командалар екінші кездесуін өткізеді.
Айта кетейік, қазіргі кезде оралдықтар екінші топта 26 ұпаймен төртінші орында келеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).