ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» кезекті ойынын Верхний Уфалейде жергілікті «Никельщикпен» өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бірінші таймда айдын иелері 6:3 есебімен алға шықты. Ойынның екінші кезеңінде командалар үш-үштен гол соқты. Қорытынды есеп - 9:6.
«Ақжайықтан» ресейлік легионер Александр Чкалов хет-триктің авторы атанса, команда капитаны Максим Өтебалиев, сондай-ақ Андрей Гущин, Петр Грибанов бір-бірден гол соқты.
Бұл ойыннан кейін 32 ұпай жинаған «Никельщик» командасы екінші топта 30 ұпайы бар «Ақжайықтың» алдына түсіп, төртінші орынға көтерілді.
Ертең қос команда екінші кездесуін өткізеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).