Допты хоккей: «Ақжайық» Орынборда соңғы матчында жеңіліп қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» үшінші топтағы соңғы кездесуін Орынборда жергілікті «Локомотивпен» өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші таймда «Локомотивтен» Сергей Ромашов пен Олег Хасянов гол соғып, командасын алға шығарды.

Көп ұзамай «Ақжайықтан» Нұрбол Бөкешов пен Максим Пахомов таразы басын теңестірді. Дмитрий Барляев мергендік танытқанымен, «Ақжайық» сапындағы Сергей Башаев көзге түсті.

Екінші таймда Петр Грибанов оралдықтарды алға шығарғанымен, орынборлықтар қатарынан үш гол соғып, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Дегенмен «Ақжайық» өз тобында үшінші орынға ие болып, финалдық сайыстарға жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» қарсыласын ірі есеппен ұтқанын жазған болатынбыз.