ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасымен екінші кездесуінде ұтылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Бұл матч та тартысты өтіп, 10-минутта алдымен «Ақжайықтан» Андрей Гущин есеп ашты. Дегенмен 16-минутта «Знамя-Удмуртия» командасынан Сергей Гаврилов таразы басын теңестірді. Екінші таймда 55-минутта Артем Никулин шешуші голды соғып кетті. Сөйтіп қонақтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші ойында командалар 3:3 есебімен тең тарқасқан болатын.
Айта кетейік, «Ақжайық» келесі ойындарын өз айдынында 9-10 қаңтарда 10 ойыннан кейін 13 ұпаймен екінші топта әзірге үшінші орында тұрған «Локомотив» (Орынбор) командасымен өткізеді. Соңғы сатыдағы оралдықтардың жеті ұпайы бар. Алдағы ойындарын сәтті өткізсе, Владимир Кожевников шәкірттерінің турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта алары анық.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).