Бұл ойында да оралдықтар басымдылық көрсетіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Сергей Башаев қос доптың авторы атанса, команда капитаны Ескендір Нұғманов кездесу нүктесін қойды. 20 желтоқсан күнгі матчта да Сергей мен Ескендір қарсыластар қақпасына қос-қостан гол енгізген болатын. Сөйтіп, өз айдынындағы төрт ойынын да ұтқан «Ақжайық» 16 ұпаймен өз тобында бесінші орынға көтерілді. Дмитрий Иванниковтің шәкірттері келесі кездесулерін 27-28 желтоқсанда өз айдынында 18 ұпаймен үшінші орында келе жатқан Орынбордың «Локомотивімен» өткізеді.
05:01, 22 Желтоқсан 2014
ДОПТЫ ХОККЕЙ: «Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасымен екінші ойында да жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 желтоқсан күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасы екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» Екатеринбургтің «СКА-Свердловск» командасымен қарымта кездесуін өткізді.