Допты хоккей: «Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасынан ірі есеппен ұтылып қалды

None
ОРАЛ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - 27 желтоқсан күні допты хоккейден Ресей чемпионатының жоғары лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» Екатеринбургте «СКА-Свердловск» командасымен айдынға шықты.

Өкінішке қарай, бұл кездесуде оралдықтар 3:9 есебімен жеңіліп қалды. «Ақжайықтан» үш голды да команда сұрмергені Ескендір Нұғманов соқты. Сонымен қатар ойын барысында Александр Шавалдин мен Е.Нұғманов 12 метрлік айып добын қарсыластар қақпасына енгізе алмады.

28 желтоқсан күні қос команда екінші кездесуін өткізеді. Қазір екінші топта көш бастаған «СКА-Свердловск» мен «Ақжайықтың» ұпайлары (27) тең.