Допты хоккей: «Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасының сағын сындырды

None
ОРАЛ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - 22 қаңтар күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Екатеринбургтің «СКА-Свердловск» командасын қабылдады.

Ойынның 22-минутта «Ақжайықтан» Дмитрий Пономаренко есеп ашқанмен, қалған голдар екінші таймда соғылды. Оралдықтардан Сұлтан Қадыржанов, Самат Аманшин және Петр Грибанов екі мәрте мергендік танытса, қонақтардан Дмитрий Полынский мен Дмитрий Харитонов қос доппен жауап қайырды. Сөйтіп «Ақжайық» 5:2 есебімен кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Қоржынындағы ұпай қоры (32) молая түскен «Ақжайық» 23 қаңтар күні «СКА-Свердловск» командасымен қайта айдынға шығады.